Қазақстанның жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сонымен қатар синоптиктер астанада да ескерту жариялады

Елордада және Қазақстанның жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
13 қарашада Нұр-Сұлтанда жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел тұрып, таңертең және күндіз жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында 13 қарашада түнде кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Павлодар облысында кей жерлер көктайғақ болып, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде 13 қарашада жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.
Алматы облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (қар аралас жаңбыр) күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Қостанай облысының кей жерлерінде 13 қарашада тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, түнде кей жерлерде, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді. Күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 13 қарашада тұман түсіп, көктайғақ болад. Батыстан, солтүстік-батыстан күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. 13 қарашада жел оңтүстік-батыстан соғып, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, 25 м/с болады. 14 қарашада оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, жел соғады.