Нұр-Сұлтанда көктайғақтан 150-ден астам адам зардап шекті

Сонымен қатар 100-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркелген

Нұр-Сұлтанда көктайғақтан 150-ден астам адам зардап шекті
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда көктайғақтан 150-ге жуық адам түрлі жарақатпен травматологқа жүгініп, 100-ге тарта жол-көлік оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін қалалық ауруханалардың травматологиялық пунктілеріне 154 адам келіп, медициналық көмекке жүгініпті. Қазіргі уақытта түрлі жарақаттары бар 17 науқас стационарға жатқызылды. Жеңіл жарақат алған бес бала амбулаториялық емделуге жіберілген. 

«Көктайғақ пен қардың әбігері көлік қозғалысына да кедергі келтірді. Елордада қар күреуге 580 техника жұмылдырылды. 1800-ге жуық қызметкер қала ішін тазалап жатыр. Ең алдымен көпір, аялдама және көше қиылыстары тазаланып, құм себіледі», - дейді Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Мейрам Баубеков.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.