12.11.2020, 23:54
Жаңалықтар
Қостанайда бірнеше кәсіпорын жұмысшыларға жалақы төлей алмай отыр
Кәсіпорынның есеп шотын мемлекеттік кіріс басқармасы бұғаттап тастаған
Фото: ашық дереккөзден
Қостанайда бірнеше кәсіпорын жұмысшыларының жалақы алмағанына екі айдан асты. Өйткені, кәсіпорынның есепшотын мемлекеттік кіріс басқармасы бұғаттап тастаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасыра сілтеме жасап.
Еңбек инспекциясының айтуынша, «Мақсат» серіктестігі жалақыға 15 млн теңге қарыз болып қалған. Анық-қанығын білеу мақсатында кеңсеге соқтық. Алайда, мәселенің мәнісін түсіндірудің орнына басшылық ат тонын ала қашты.
Олар 350-ге жуық жұмысшыға жалақы төлей алмай отыр. Еңбекақы берешегінің жалпы сомасы 70 млн теңгеден асады. Қарыздан құлағы көрінбей қалған екі кәсіпорын жақында «банкрот» болып танылды.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды