$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.11.2020, 22:28
Жаңалықтар

Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бұл облыстарда жел күшейіп, тұман түседі

Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

12 қарашада Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан асады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) түседі. 12-13 қарашада кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерінде 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с болмақ.

Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күші таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады.

Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

12 қараша Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-ға жетеді.

Серіктес жаңалықтары