$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.11.2020, 21:18
Жаңалықтар

Ақтөбе қалалық мәслихатына арналған «Nur Otan» партиясының тізімінде әйелдердің үлесі 6 есе артты

Ал жастардың үлесі 21 пайызға артып отыр

Ақтөбе қалалық мәслихатына арналған «Nur Otan» партиясының тізімінде әйелдердің үлесі 6 есе артты
Фото: ашық дереккөзден

Бүгін «Nur Otan» партиясы Ақтөбе қалалық филиалының кезектен тыс ХХXII конференциясы өтіп, қалалық мәслихатқа партиялық тізім қалыптасқан еді. Бұрынғы шақырылымның депутаттарымен салыстырғанда тізімдегі әйелдердің үлесі 25 пайызға, ал жастардың үлесі 21 пайызға артып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Партияішілік іріктеудің екінші кезеңі аясында партияның қалалық филиалының конференциясына 34 кандидат қатысып, дебат қорытындысы бойынша кандидаттарға дауыс берілді. Ең көп дауыс жинаған 17 кандидат облыстық мәслихат депутаттарын сайлауға қатысу үшін партиялық тізімге ұсынылды. Сондай-ақ қалалық мәслихаттағы 30 орынға 43 адамнан тұратын партиялық тізім бекітілді.

Талдау нәтижесі көрсеткендей, тізімдегі әйелдердің үлесі 5 пайыздан 30 пайызға дейін, ал 35 жасқа дейінгі жастар - 0-ден 21 пайызға дейін өсті. Үміткерлердің орташа жасы 8 жасқа, яғни 52-ден 44 жасқа дейін жасарды.

Тізімдегілердің 51 пайызын шағын және орта бизнес өкілдері құрады. Ал білім және өнеркәсіп саласы 9 пайыздан, үкіметтік емес ұйымдар – 8 пайыз. Сондай-ақ, конференцияда қалалық сайлауалды бағдарламасы бекітіліп, партияның облыстық филиалының XXX кезектен тыс конференциясына делегаттар сайланды.

Айта кетейік, партиялық ішкі іріктеудің бірінші кезеңіне Ақтөбе қаласы бойынша 138 кандидат қатысты. Оның 32 пайызы -  әйелдер, 27 пайызы - 35 жасқа дейінгі жастар. Егер бастауыш партия ұйымдарынан кандидаттардың 40,5 пайызы ұсынылған болса, 59,4 пайызы өзін-өзі ұсынғандар. 12 мыңнан астам партия мүшесі дауыс беруге қатысты.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Ақтөбе #Nur Otan