$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.11.2020, 21:45
Жаңалықтар

Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бұл облыстарда жел соғып, көктайғақ болады

Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

12 қарашада Жамбыл облысының таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады, 12 қарашада екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 11 қарашадатұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен, жел соғады, күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге, күндіз екпіні 23 метрге жетеді.

Серіктес жаңалықтары