$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.11.2020, 15:33
Жаңалықтар

Алматыда жас мұғалімдерге қаржылай қолдау көрсетілді

Сондай-ақ 200-ден астам жас мұғалім баспаналы болған

Алматыда жас мұғалімдерге қаржылай қолдау көрсетілді
Фото: ашық дереккөзден

Алматыда мектептерде жұмыс істейтін 500 жас мұғалім 30 млн теңгеден аса әлеуметтік төлем алды. Бұдан бөлек, алматылық 240 жас мұғалім баспаналы болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Бұл туралы қалалық Білім беру басқармасының  басшысы Ләззат Жылқыбаева ҚР БҒМ өкілдерімен өткен жиында айтты. 

«Біз үшінші жыл қатарынан педагогикалық ЖОО тәмамдаған жас мұғалімдерге 20 АЕК мөлшерінде бір реттік төлем төлейміз. Бұл жұмыс ары қарай жалғасын табады», - деді Л.Жылқыбаева.  

Басқарма басшысының сөзінше,  Алматыда мұғалімдер үшін баспана мәселесі өте өзекті болып тұр. 

«Осыған байланысты, биыл Алматы жастары 3:0 бағдарламасы аясында 240 мұғалімге баспана берілді. Биыл 310 пәтер ұстаздарға  бөлінген. Мұғалімдер шарт бойынша 13 млн теңгеге дейін несие ала алады. Мұғалімдердің  қалада тұру немесе тіркеуде болуы міндет  емес. Бұл бағдарламаға кез келген мұғалім қатыса алады», - деді басқарма басшысы.  

Ләззат Жылқыбаева «Үздік педагог» байқауының нәтижесі туралы да баяндады. Оның айтуынша, үздік деп танылған мұғалімдер 1 млн теңгеге дейін грант, көлік, 2 бөлмелі пәтер ұтып ала алады. Осы уақытқа дейін 10 мұғалім Алматы әкімінің арнайы грантын алған. Әр мұғалімге 2 млн теңгенің гранты берілген. 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #мұғалім