$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.11.2020, 22:27
Жаңалықтар

Білім министрлігі әкімдіктерге ескерту жасады

Әкімдіктер компьютер сатып алуда министрлік қойған талаптарды бұзған

Білім министрлігі әкімдіктерге ескерту жасады
Фото: ашық дереккөзден

Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари жергілікті әкімдіктердегі білім басқармалары басшыларына әрбір компьютерлік техниканы сатып алу бойынша тікелей жауап беретіндерін айтып ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рүстем Биғари Мемлекет басшысы қойған міндет орындалып, бірінші қыркүйекке дейін оқушыларға қашықтан оқу үшін қажет 500 мыңға жуық компьютер жеткізілгенін атап өтті. Әкімдіктер мектептерге компьютерлік техниканы сатып алу бойынша жұмысты әлі де жалғастырып жатыр. Алайда, бірқатар өңірде техниканы жеткізу мерзімдері, лицензиялық қамтамасыз ету, кепілдік беру және сервистік қызмет көрсетуге байланысты проблемалар туындады.

«Біз бұл мәселелерді аппараттық жиналыста бірнеше рет қарастырдық. Бұл – мемлекет қаражаты. Әрбір компьютерлік техниканы сатып алу тікелей сіздердің мойындарыңызда. Ашықтықты толық қамтамасыз ету қажет. Әрбір әкімдік алдымен компьютерлік техниканы тексеріп алған соң ғана оны қабылдап, оқушыларға жеткізулері қажет. БҒМ сатып алу процесіне қатыспайды. Үкімет әкімдіктерге қажет қаражатты жедел беріп, жағдай жасады», – деп атап өтті Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари.

Оның айтуынша, пандемия мен логистика мәселелеріне байланысты кедергілер болуы мүмкін.  Ол жеткізушілердің мұндай сылтауларына қарамай, олардан тиісті жұмысты талап етілуі керек екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары