Нұр-Сұлтанда газ қосатын сервис орталығы ашылады
Орталық газ қосуға өтінім қабылдайды
9 қарашада елордада «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның жаңа сервис орталығы ашылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі әкімдікке сілтеме жасап.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ сервис орталығы газбен жабдықтау үшін техникалық шарттар жасайды, сондай-ақ газ қосуға өтінім қабылдайды. Аталған орталыққа Көктал-1, 2; Железнодорожный, Өндіріс, Агроқалашық елдімекендерінің тұрғындары жүгіне алады», - деп жазылған хабарламада.
Орталық Республика даңғылында 24-үйде «Парасат» бизнес орталығында орналасқан. Сервис орталығы 9:00-ден 18:30-ға дейін жүмыс істейді, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін түскі үзіліс.
Еске сала кетейік, елордада тұрғын үй алаптарында газбен жабдықтау желісі салынып жатыр. Газ беру процесі үш кезеңге бөлінген, тұрғын үй алаптары кезең-кезеңімен газға қосылады.