$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.11.2020, 13:58
Жаңалықтар

Алексей Цой Маңғыстаудағы эпидемиологиялық жағдаймен танысты

Ол вирустың таралуын бақылауға алуды тапсырды

Алексей Цой Маңғыстаудағы эпидемиологиялық жағдаймен танысты
Фото: баспасөз қызметінен

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Премьер-Министр Асқар Мамин бастаған үкіметтік делегация құрамымен Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Маңғыстау облысында эпидемиологиялық ахуал соңғы 6 күнде тұрақты, 31 қазаннан бастап COVID-19 жаңа жағдайы тіркелген жоқ. Өткен айдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында облыс «жасыл» аймақта», - деп атап өтті А.Цой.

Алайда коронавирус инфекциясының бірінші толқынында жабық топтарда инфекция ошақтары алаңдаушылық туғызды. Наурыз айынан бері «Маңғыстаумұнайгаз» - 64 адам, «Қаражанбасмұнай Газ» АҚ - 396 адам, «Buzachi Operating LTD» - 92 адам инфекция жұқтырған. Осыған байланысты А.Цой вирустың таралуын бақылауға алуды және барлық қажетті эпидемияға қарсы шараларды өткізуді тапсырды.

Бұдан әрі министр дәрігерлерге санитарлық көліктердің кілтін тапсырды, олардың қолжетімділігі қазір облыста 100%-ға жетіп отыр. Ал жылжымалы ПТР зертханасымен қамтамасыз ету жоғары деңгейде.

«Маңғыстау облысында коронавирусты анықтау үшін 6 ПТР тестін өткізетін зертхана бар. Бүгінгі күні облыста 105 693 ПТР тесті жасалған. Талдау орталықтары күніне 4 300 тест ала алады, қазіргі уақытта 1300-ден астам ПТР сынақ жүргізілуде», - деді Денсаулық сақтау министрі.

Серіктес жаңалықтары