06.11.2020, 16:35
Жаңалықтар
Балқаш қаласында енгізілген карантиндік шектеулердің күші жойылды
Қала аумағында екі аптаға жуық уақыт карантиндік шектеулер енгізілді

Фото: vlast.kz
Балқаш қаласында коронавирусқа байланысты 24 қазанда енгізілген қатаң шектеулер алынып тасталды. Еске сала кетейік, Балқаш қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Лена Батанаеваның қаулысымен қала аумағында коронавирус инфекциясының тіркеу жағдайларының көбеюіне байланысты 24 қазан сағат 00.00-ден бастап карантиндік шектеулер күшейтілді.
Атап айтқанда:
- 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі.
- Кәмелетке толмаған балалардың ересектердің қарауынсыз жүруіне тыйым салынады.
- Жаппай жиналатын орындарда: гүлзарлар, саябақтар, жағалаулар мен үйлердің ауласындағы балалар ойнайтын алаңдар жабылады.
- Зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсету бойынша еріктілердің жұмысы жандандырылады (65 жастан асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізуге, зейнетақы алуға және т.б. көмек).
- Бұқаралық ақпарат құралдарында еріктілердің телефоны, жеткізу қызметі жарияланады.
- Өнеркәсіптік кәсіпорындарға жұмысшыларды жеткізетін қоғамдық көліктерді қоспағанда, қала бойынша қоғамдық көліктердің қозғалысы шектеледі;
- Балқаш станциясын, Қоңырат шағын ауданын қоса алғанда, қала аумағында сағат 22:00-ден 05:00-ге дейін жеке автокөліктің барлық түріне тыйым салынады.
- Қоғамдық тамақтану нысандарына жұмыс уақыты сағат 22:00-ге дейін шектеледі.
- Азық-түлік сауда нысандарының жұмыс уақыты сағат 22:00-ге дейін шектеледі.
- Қызмет көрсету саласындағы нысандарға: шаштараздар, сұлулық салондары, моншалар, сауналар қызмет көрсетуді алдын ала жазылу бойынша қатаң түрде жүзеге асыру, дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу, келушілердің арақашықтығын сақтайды.
- Кәсіпкерлік субъектілерге: нысандарға маскасыз және катаральды белгілері бар (жөтел, мұрынның ағуы, температура) келушілер кіргізілмейді.
- Тәулік бойы қалада полиция бөлімі мен әскери полиция күштерінің патрульдеуі ұйымдастырылсын. 3 адамнан артық адамдардың жиналуына жол берілмейді.
- Балқаш қаласының аумағында орналасқан әскери бөлімдер, оның ішінде азаматтық персоналдар қашықтан жұмыс режиміне (қызметкерлердің кемінде 50%-ы) көшіріледі.
Бүгіннен бастап аталған шектеулер алынып тасталды. Енді қала жұртшылығы бүкіл облыс бойынша қарастырылған жалпы шектеулерге бағынады.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
17.05.2025, 11:14
«Қазақ елі, сүйінші!»: әнші Бүркіт жақсы жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)
17.05.2025, 23:18
«Мен шаршадым»: Омар Жәлел эфирде жылап қалды (ВИДЕО)
18.05.2025, 07:41
"Евровидение-2025" ән байқауында күтпеген жағдай болды (ВИДЕО)
18.05.2025, 22:44
Теміртауда ер мен әйел жұрттың көзінше жыныстық қатынасқа түсті (ВИДЕО)
17.05.2025, 07:06
Екінші рет тұрмысқа шыққан қалыңдық тек орамалын ауыстыра ма (ВИДЕО)
17.05.2025, 14:47
«Қыздың ата-анасы қарсы болды»: Жігер Ауыпбаев экс-ғашығы туралы айтты