COVID-19: Еуропада қандай шектеулер қойылды
Індеттің таралуын азайту үшін жаңа шаралар қабылдануда
Еуропа елдерінде COVID-19 жұқтырғандар мен қайтыс болғандардың саны артып келеді. Осыған байланысты әр елдің билігі қосымша шектеулер енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Бельгияда қатаң шектеулер енгізілді. Түнгі уақытта коменданттық сағат жұмыс істейді, дүкендер де жабық. Ауруханалар бүкіл ел бойынша шұғыл режимде жұмыс істейді.
Италия карантин енгізуге дайындалуда. Елде коменданттық сағат енгізу туралы шешім қабылданды. Алайда тұрғындар локдаунға қарсы.
Англияда 5 қарашадан 2 желтоқсанға дейін карантин енгізілді. Пандемия басталғалы бері коронавирустық инфекциялар саны 1 миллионнан асты. Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон локдаун қабылдаудан басқа жол жоқ екенін атап өтті.
Грекияда коронавирусты жұқтырғандардың саны бір күнде 2056-ға өсті, ел билігі жабық бөлмелерде және көшеде қорғаныс маскаларын кеңінен қолдану туралы жариялады, барлық тамақтану және ойын-сауық кәсіпорындары, сондай-ақ спортзалдар жабылды.
Аустрия билігі желтоқсан айының басына дейін карантин енгізді. Локдаун шеңберінде түнгі уақытта халықтың үйден шығуына шектеу қойылды, жоғары сыныптар мен университеттер қашықтан оқытуға ауыстырылды.
Германияда бір айға жеңілдетілген локдаун енгізілді. Шектеулер ойын-сауық, мейрамхана және спорт саласына әсер етеді.
Швецияда да жаңа шектеулер енгізілді. Кафелер мен мейрамханалардағы бір үстелдегі адамдардың саны 8 адамнан аспауы керек. Үш провинцияның тұрғындарына қоғамдық көлікті пайдаланбауға кеңес берілді.
Нидерланды тұрғындарына қаңтар айының ортасына дейін шетелге шықпауға кеңес берілді. Мұражайлар, театрлар, кинотеатрлар, хайуанаттар бағдары мен ойын-сауық парктері жабылуда. 1 желтоқсаннан бастап Нидерландта бетперде кию міндетті болады.