ШұғылСоңғы бір аптада коронавирустан 54 қазақстандық қайтыс болды

Италияда коронавирустың таралуына байланысты коменданттық сағат енгізіледі

Елде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны тағы да көбейді 

Италияда коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты коменданттық сағат енгізіледі. Премьер-министр Джузеппе Конте 4 қарашаға қараған түні тиісті Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі DW-ге сілтеме жасай отырып.

Коронавирустың таралуына қарсы күресте Италия билігі бүкіл елде 22.00-ден 05.00-ге дейін коменданттық сағат енгізді.

Сонымен қатар, Италия аумағы эпидемиологиялық қауіптілік деңгейіне байланысты үш аймаққа бөлінеді, инфекцияның ең жоғары қаупі бар аймақтарда ішінара локдаун енгізілді.

Тәуекел деңгейі жоғары және өте жоғары аймақтарда үйден және провинциядан кетуге шектеу қойылады. Сондай-ақ, барлар мен мейрамханалар, мұражайлар бүкіл ел бойынша жабылады.

Италияда қоғамдық көлік тек 50 пайызға толтырылуы мүмкін. Мектептердің жоғарғы сыныптары қашықтан оқытуға ауыстырылады. Бастапқыда жаңа шектеулер 5 қарашадан бастап төрт аптаға дейін, яғни 3 желтоқсанға дейін енгізілетіні туралы хабарланды. Алайда, олар енгізілгенге дейін бірнеше сағат бұрын билік 6 қарашадан бастап әрекет ете бастайтынын мәлімдеді.