СҚО-да карантиндік режим күшеймек

Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай Үкіметтің бақылауында

СҚО-да карантиндік режим күшеймек
Фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирусқа шалдыққандардың саны күрт артуына байланысты 9-шы қарашадан бастап карантин талаптары күшейтілмек. Індеттің таралуын тежеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы, Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Қызылжар өңіріне барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап. 

Вице-премьер алдымен облыстық көпсалалы балалар ауруханасында болып, өңірдің коронавирустық инфекцияның екінші толқынына дайындығы бойынша жұмыстарын тексерді. Сондай-ақ елдің оңтүстік және батыс өңірлерінен келген жас медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Жұмыс сапары барысында вице-премьер өңірдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша облыс басшылығымен кеңес өткізді, облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың, жергілікті мемлекеттік органдар басшыларының қабылданып жатқан шаралар туралы есебін тыңдады.

Премьер-министрдің орынбасары өңірде тіркелген СOVID-19 фактілері санының артып отырғанын атап өтті. Облыстың кейбір аудандарында коронавирустық инфекциямен ауыру өткен аймен салыстырғанда 4,7 есе өскен. Вице-премьер жергілікті билік органдарының аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға күш жұмылдыру қажеттігін атап өтті.

COVID-19-ды шетелден жұқтырып келу жағдайларының жалғасып жатқанын ескере отырып, Ведомствоаралық комиссия осы жылдың 9 қарашасынан бастап халықаралық екіжақты және транзиттік жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер (шетелдік және Қазақстан Республикасы азаматтары) үшін теріс нәтижесі бар ПТР тестілеу туралы анықтаманы (берілген сәттен бастап 3 тәуліктен аспайтын) міндетті түрде ұсыну жөніндегі талапты енгізу туралы шешім қабылдады. Қазақстан азаматтарының мұндай анықтамасы болмаған жағдайда, жүк тасымалдаушылар ПТР-тест нәтижелері дайын болғанға дейін 2 тәулікке карантинге орналастырылатын болады.

Сонымен қатар, Ведомствоаралық комиссия облыс әкімдігіне осы жылдың 9 қарашасынан бастап бірқатар шектеу шараларын қабылдауды, атап айтқанда:

  • - Петропавл қаласында қаланың периметрі бойынша блок-бекеттер орната отырып карантин енгізуді;
  • - күн сайынғы өсімі 10-нан астам жағдайды құрайтын елдімекендерде санитарлық блок-бекеттер орнатуды;
  • – Петропавл –Алматы бағыты бойынша теміржол тасымалдарын аптасына 7-ден 3 ретке дейін қысқартуды;
  • - облыс ішінде жолаушылар теміржол құрамдарының аялдауына тыйым салуды;
  • - Петропавл қаласынан шығатын әуе жолаушылары үшін теріс нәтижесі бар ПТР анықтамасының (берілген сәттен бастап 3 тәуліктен аспайтын) болуын міндеттеуді;
  • - діни объектілердің, театрлардың, кинотеатрлардың, мәдениет объектілерінің қызметін тоқтата тұруды;
  • Жұмыс күндері:
  • - үй-жайлардағы қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысын бір мезгілде 30-дан аспайтын келушілер болған жағдайда, 30-дан кем орынды объектілер үшін есептік орындардың 50%-ынан аспайтын жағдайда сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін шектеуді;
  • - сауда үйлері, сауда орталықтары, ауданы 500 шаршы метрден астам азық-түліктік емес дүкендер жұмысын сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шектеуді;
  • Демалыс күндері қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын тапсырыс берушіге жеткізу нысанына ауыстыру арқылы сағат 08.00-ден 21.00 сағатқа дейін шектеуді;
  • - демалыс және мереке күндері сауда үйлері, сауда орталықтары, ауданы 500 шаршы метрден асатын азық-түліктік емес дүкендер жұмысын шектеуді;
  • - жексенбі күндері сұлулық салондарының, шаштараздардың, бассейндердің, фитнес-клубтардың, жаттығу залдарының жұмыстарын шектеуді;
  • - офлайн кеңестер өткізуге тыйым салу;
  • - қызметкерлердің кемінде 80%-ын қашықтан жұмыс форматына ауыстыруды қамтамасыз етуді;
  • - әуежайларға, теміржол вокзалдарына күтіп алатын және шығарып салатын тұлғаларды кіргізуге тыйым салуды (билет болған жағдайда ғана өткізуді);
  • - 65 жастан асқан адамдарға азық-түлікті, бірінші кезекте қажетті тауарларды, дәрі-дәрмектерді және медициналық бұйымдарды сатып алу жағдайларын қоспағанда, аса қажеттіліксіз тұрғылықты жерінен шықпауды ұсынуды;
  • - карантин режимін сақтау жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысын атап айтқанда Петропавл қаласы, Айыртау, Аққайың, Ақжар аудандарында күшейтуді;
  • - карантин режимін сақтау қажеттілігі туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді;
  • - облыс тұрғындарын ПТР тестілеумен қамту көлемін арттыру тапсырды.

Сондай-ақ, Премьер-министрдің орынбасары 200 орындық жаңа модульдік инфекциялық аурухананың ашылуына қатысты.
Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай Үкіметтің тұрақты бақыла

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.