$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.11.2020, 09:03
Жаңалықтар

Коронавирустан емделіп жатқан 148 науқастың жағдайы ауыр

20 адам өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Коронавирустан емделіп жатқан 148 науқастың жағдайы ауыр
Фото: ашық дереккөзден

Коронавирустан емделіп жатқан 148 науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлады  COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 981 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 340 бала бар. Стационарларда 2 510 науқас жатыр. 2 471 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы, науқастардың арасында 148 адамның халі нашар. Соның ішінде 18 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 20 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

2020 жылғы 4 қарашасындағы жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек:

Өткен тәулікте 269 жағдай тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 63  адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

Науқастар саны – 38 281, өлім жағдайлары - 405. Барлығы 28 899 адам сауығып шықты

Серіктес жаңалықтары