29.10.2020, 11:27
Жаңалықтар
Қазақстанның бірқатар өңірінде көктайғақ болады
Төтенше жағдайлар министрлігі 8 өңірдің тұрғындарына абай болуды ескертті
Фото: ашық дереккөзден
29 қазан күні Нұр-Сұлтанда, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашын мен аязға байланысты көктайғақ болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Соның салдарынан жол-көлік оқиғаларының қаупі артып, көшеде жарақат алу жағдайлары жиілейді.
Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге жолда сақ болып, төмен жылдамдықты сақтауға кеңес береді. Жаяу жүргіншілерге де өте мұқият болып, жолды кесіп өтер кезде жүгірмеу керек екенін ескертті.
Азаматтарға көктайғақ кезінде табаны тайғанамайтын аяқ киім кию ұсынылады.
Көп оқылған
25.02.2026, 13:15
«Қазақ жігіттері ауыр қабылдайды»: уролог ерлердің ұрығынан сапа кетіп, саны азайғанын айтты
25.02.2026, 10:27
Мектептен кейін балалардың өмірі үшін мұғалім жауапты болмайды: Қазақстанда жаңа заң қабылданады
25.02.2026, 14:55
Қызылша жұқтырған әрбір адам орта есеппен 12-18 адамға ауру таратады – Астана дәрігерлері дабыл қақты
26.02.2026, 10:51
Алматы облысында «сүйген» қызына банк арқылы аз ақша салып, астына хат жазған жігіт сотталды
Редактордың таңдауы
26.02.2026, 14:20
«26.02.26»: Шымкентте 51 жас отбасы бір күнде неке қидырған