ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 794 адамнан коронавирус анықталды

Оңтүстік Кореяның экс-президенті 17 жылға сотталды

Ли Мён Бак жемқорлық қылмысы үшін түрмеге қамалды

Фото: ашық дереккөзден

Корея Республикасының Жоғарғы соты елдің экс-президенті Ли Мён Бакқа қатысты шыққан үкімді күшінде қалдырды. Саясаткер үлкен көлемде айыппұл арқалап қана қоймай, 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, үй қамауында болуға мүмкіндік беретін алдыңғы шешім жойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy rg.ru-ға сілтеме жасап.

«Лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану және сыбайлас жемқорлыққа қатысты айыптауларға қатысты бастапқы шешімнен қандай да бір қателіктер таппадық», - делінген Жоғарғы соттың 2-ші басқармасының экс-президентке қатысты бұрынғы үкімге берілген апелляцияны қараған қорытынды мәлімдемесінде.

Ли Мён Бак пара алғаны және компания қаражатын иемденгені үшін кінәлі деп танылды. Қорытынды үкім бойынша ол 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, 13 миллиард вон (11,5 миллион доллар) айыппұл, сондай-ақ 5 миллиард 780 миллион вон (5 миллион доллардан астам) қосымша ақы төлеуге міндеттелді.