$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.10.2020, 11:17
Жаңалықтар

Halyk Bank, CenterCredit, «Альфа-Банк» және «Сбербанк» жауапқа тартылды

Төрт банктің жарнама хабарынан заңбұзушылық анықталды

Halyk Bank, CenterCredit, «Альфа-Банк» және «Сбербанк» жауапқа тартылды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі осы жылғы қыркүйекте жарнама материалдарына жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша төрт коммерциялық банкке қатысты шаралар қабылдады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Halyk Bank пен CenterCredit – банктік қызметтер туралы жарнамада банк лицензиясының нөмірін және лицензияны берген органның атауын көрсетпеген. Екінші деңгейлі банктерге қатысты қадағалап ден қою сипатындағы ұсынымдық шаралар қолданылды.

«Альфа-Банк»– сыйақы мөлшерлемесін шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеуде көрсету бойынша міндеттемені орындамаған, сол үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Сбербанк» – жариялау күні шындыққа сәйкес келмейтін жарнама материалын орналастырды. Банк әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Агенттік қаржы институттары ұсынған құжаттар мен ақпарат негізінде мониторинг жүргізді. Сонымен бірге жеке, заңды тұлғалардан және мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштер есепке алынды. Бұдан басқа, сайттар, әлеуметтік желілер және банктердің мобильдік қосымшалары тексерілді, теле-, радиоарналардағы, қоғамдық көліктегі, мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарнама, сондай-ақ сыртқы жазбалар тексерілді.

Серіктес жаңалықтары