Нұр-Сұлтанда карантинді бұзған тұрғындар мен кәсіпкерлер 124 млн теңге айыппұл төледі
Мобильді топтар бір аптада карантин талаптарын бұзған 133 нысанды анықтады

19-25 қазан аралығында елордада мобильді топтар карантин талаптарын бұзған 133 нысанды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Карантин тәртібін сақтамаған шағын және орта бизнес субъектілері, қала тұрғындары 124 млн теңге айыппұл төледі. Қалада полиция қызметкерлері, СЭС өкілдері және волонтерлер кәсіпкерлер мен тұрғындардың санитарлық нормаларды сақтауын тексеріп жүр», - деп жазылған хабарламада.
19-25 қазан аралығында Алматы ауданын аралау кезінде 50 бұзушылық анықталды, Байқоңыр ауданында - 32, Есіл ауданында - 40, Сарыарқа ауданында - 51. Жиналған материалдар процессуалдық шешімдер қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді.