ШұғылЕлімізде тағы 813 адамнан коронавирус анықталды

Алматыда әуежайға баратын жол алты айға жабылды

Мұндай шешім Бұқтырма көшесі мен Алматы – Көктал тасжолдарының қиылысындағы жол айрығы құрылысына байланысты қабылданып отыр 

Фото: facebook.com/almaty.gov.kz

Алматы халықаралық әуежайына баратын жол алдағы жарты жылға жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қалалық әкімдіктің таратқан ақпаратына қарағанда, мұндай шешім Бұқтырма көшесі мен Алматы – Көктал тасжолдарының қиылысындағы жол айрығы құрылысына байланысты қабылданып отыр. 

«2020 жылғы 25 қазаннан бастап 2021 жылғы 1 маусымға дейін Бұқтырма көшесіндегі айналма жолдан әуежайға  қатынайтын жол жабылады. Алматы халықаралық әуежайына  Рысқұлов даңғылы, Шемякин көшесі және Майлин көшелері арқылы баруға болады», - делінген қалалық әкімдік таратқан хабарламада.

Айта кету керек, іргелес көшелердегі қозғалыс тоқтатылмайды. Жүргізушілер Құлжа тасжолына, Алатау, Тұздыбастау елдімекендеріне әдеттегідей қатынай алады. Осыдан жарты жыл бұрын жабылған Талғар тасжолы мен Құлжа тасжолының ортасын жалғайтын Бұқтырма көшесінің бөлігі әлі ашылған жоқ. 

Ришат Асқарбекұлы, Алматы