$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.10.2020, 13:41
Жаңалықтар

Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделене түсті – Жандарбек Бекшин

Қазір қалада инфекцияның таралу индексі – 1,06

Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделене түсті – Жандарбек Бекшин
Фото: ашық дереккөзден

Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделене түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түскенін мәлімдеді. 

«Алматыда қазанда коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдай қыркүйекпен салыстырғанда күрделене түсті. Жекелеген жағдайларда өсім байқалады. 19 қазанда қалада 12 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде екі жағдай – жергілікті, екі науқас Мысырдан келген турист. Сонымен қатар бір тәулікте төрт адамға пневмония диагнозы қойылды», - деді Бекшин. 

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, қазір қалада инфекция таралуының  тәуліктегі өсімі – 0,05%. Инфекцияның таралу индексі – 1,06. Бұл индекс 1-ден асса, індеттің таралуы көбейгенін білдіреді.  
 

Серіктес жаңалықтары