$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.10.2020, 10:38
Жаңалықтар

Коронавирус дәрілерінің 48%-ы Қазақстанда өндіріледі – Алексей Цой

Соңғы жылдары отандық тауар өндірушілер экспорты 4,3 есеге артқан 

Коронавирус дәрілерінің 48%-ы Қазақстанда өндіріледі – Алексей Цой
Фото: ашық дереккөзден

Бірыңғай дистрибьютор сатып алатын көлемнің 30%-дан астамын отандық тауар өндірушілердің өнімдері құрайды. Ал COVID-19 дәрі-дәрмектерінің 48%-ы ел ішінде өндіріледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

«Бірыңғай дистрибьютор арқылы елдің фармацевтикалық нарығында сатып алу үлесі ақшалай мәнде 42,4%-ды құрайды. ҚР фармацевтикалық нарығындағы отандық тауар өндірушілердің (ОТӨ) үлесі ақшалай мәнде 17%-ды құрайды, заттай мәнде ОТӨ нарықтың 39%-ын жабады. Соңғы жылдары отандық тауар өндірушілер экспортының 4,3 есеге артқаны байқалады, онда 57,2%-ы Ресейге, 32%-ы Қырғызстанға экспортталады», - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрі Үкімет отырысында. 

Алексей Цой мемлекеттің стратегиялық міндеттерінің бірі отандық әзірлемелерді қолдау және бәсекеге қабілетті фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту екенін айтты. 

«2009 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде Бірыңғай дистрибьютор сатып алу шеңберінде 5 042 дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізуге 88 ұзақ мерзімді шарт жасалды. 10 жыл ішінде ОТӨ өнімдері 312,4 млрд теңгеден астам сомаға сатып алынды. Бірыңғай дистрибьютор сатып алатын көлемнің 30%-дан астамын отандық тауар өндірушілердің өнімдері құрайды. COVID-19 дәрі-дәрмектерінің 48%-ы ел ішінде өндіріледі», - деп толықтырды министр.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан 

Серіктес жаңалықтары