$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.10.2020, 14:01
Жаңалықтар

Алматыда 15 мың мұғалімге екі айдан бері үстемақы төленбеген

Әкімдіктің мұғалімдер алдындағы берешегі – 2 миллиард теңге

Алматыда 15 мың мұғалімге екі айдан бері үстемақы төленбеген
Фото: ашық дереккөзден

Алматыдағы 15 мың мұғалімге тамыз айынан бері үстеме ақы төленбеген, хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Ұстаздарға берілетін үстемақы республикалық бюджеттен бөлінуі тиіс. Алматы қалалық білім басқармасының мәліметінше, мұғалімдердің негізгі еңбекақысы уақытылы төленіп келеді. 

«Республикалық бюджеттен қосымша төленетін 25 пайыздық үстемақы кешігіп жатыр. Педагогтарды оқыту деңгейінің жоғарылауына байланысты қаржылық ресурстар жеткіліксіз болды. Біз өз тарапымыздан республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуге өтініш бердік. Өтініш қабылданды», - деді Алматы қалалық Білім басқармасы жоспарлау-қаржы бөлімінің басшысы Әділ Отарбаев.

Отарбаевтың сөзінше, тамыз-қыркүйек айлары бойынша берешектің көлемі 2 миллиард теңгеге жуықтайды. Республикалық бюджетке өтінім жіберген кезде Алматы қалалық Білім басқармасы педагогикалық тарифті алдын ала жоспарламаған.

«Екі айда шамамен 2 миллиард теңге шығады. Біз адам санына емес, педагогикалық тарифтерге есептеулер жүргіземіз, ол шамамен 30 мың педагогикалық тариф болған. Бұл шамамен 15 мың мұғалім», - деді онлайн брифингте бөлім жетекшісі.

Серіктес жаңалықтары