Елордада жаңа саябақ ашылды
Оның аумағы 16 гектар болады

Елорданың Сарыарқа ауданына қарасты Көктал-1 ықшамауданында жаңа саябақ ашылды. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Көктал-1 елдімекенінде 16 гектарға жуық саябақ ашылды. Жаңа кеңістік үш үлкен аймаққа бөлінген. Біріншісі - тыныш демалыс аймағы. Мұнда, мысалы, амфи-театр орнатылды - ашық аспан астында кинотеатр ұйымдастыруға болады. Сонымен қатар ротунда да бар. Жастар үйлену тойын өткізе алады. Тыныш аймақта серуендеу және демалу үшін қолайлы жағдайлар жасалған», - деп жазды қала әкімі.
Оның айтуынша, екінші аймақ спортпен шұғылдануға арналған. Аймақ баскетбол, футбол, волейбол алаңдарымен, теннис кортымен, воркаут және йога алаңымен жабдықталған. Ал үшінші аймақта балаларға арналған демалыс орны бар. Оған мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын алаңдары да кіреді.