18.10.2020, 21:54
Жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда 90-ға жуық адам жиналған той тоқтатылды
Тойды ұйымдастырушы мен мейрамхана әкімшісі жауапқа тартылды
Фото: ашық дереккөзден
Елордада 90-ға жуық қонақ болған үйлену тойын ұйымдастырушылар әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
«102» пультіне қала тұрғындарының бірі хабарласып, «DiLu Plaza» мейрамханасының карантин режимін бұзып жатқанын айтқан. Тексеру барысында «DiLu Plaza» мейрамханасында 90 қонақтың қатысуымен той өтіп жатқаны анықталды. Полиция қызметкерлері мерекені ұйымдастырушылар «төс қағыстыру» рәсімін өткізу сәтіне тап болды», - деп жазылған хабарламада.
Шараны ұйымдастырушы 47 жастағы әйел мен мейрамхананың 37 жастағы әкімшісі карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.
Көп оқылған
16.09.2026, 06:14
Алматыда прокурордың қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады: полиция ресми түсініктеме берді
16.09.2026, 12:32
«Боди массаж жасайды»: экс-әйеліне маза бермеген Нұрсұлтан Жақсыген ақыры сотталып тынды
16.09.2026, 22:09
Астанада BMW жүргізушісі дрифт жасаймын деп бағанаға соғылды (ВИДЕО)
16.09.2026, 09:58
Елена Рыбакина биыл турнирлерден қанша табыс тапты