18.10.2020, 11:31
Жаңалықтар
Таулы Қарабақта уақытша гуманитарлық бітім орнады
Аймақтағы жағдай 27 қыркүйек күні шиеленісіп кеткен болатын
Таулы Қарабақта уақытша гуманитарлық бітім орнады. Ол бүгіннен бастап күшіне енді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Әзербайжан мен Армения Сыртқы істер министрліктерінің хабарлауынша, шешім Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Минск тобына кіретін елдердің қазанның 1-і күнгі мәлімдемесіне сүйеніп қабылданған.
Бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Әзербайжан және армениялық әріптестерімен телефон арқылы сөйлескен еді. Тараптар қазанның 10-ы күні Мәскеуде қол жеткізілген Қарабақтағы атысты тоқтату туралы келісімнің маңыздылығын атап өткен.
Еске сала кетейік, қыркүйектің 27-сі күні Таулы Карабақта әскери қимылдар басталып, аймақтағы жағдай шиеленісіп кеткен.
Көп оқылған
16.09.2026, 06:14
Алматыда прокурордың қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады: полиция ресми түсініктеме берді
16.09.2026, 12:32
«Боди массаж жасайды»: экс-әйеліне маза бермеген Нұрсұлтан Жақсыген ақыры сотталып тынды
16.09.2026, 22:09
Астанада BMW жүргізушісі дрифт жасаймын деп бағанаға соғылды (ВИДЕО)
16.09.2026, 09:58
Елена Рыбакина биыл турнирлерден қанша табыс тапты