$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.10.2020, 11:15
Жаңалықтар

COVID-19: 80 адам жазылып шықты, 13 науқас ауыр жағдайда жатыр

Елімізде қауіпті инфекциядан жазылғандар саны – 105 001 адам

 
COVID-19: 80 адам жазылып шықты, 13 науқас ауыр жағдайда жатыр
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте 80 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар бойынша:

Қарағанды облысы - 8
Қостанай облысы - 6
Маңғыстау облысы - 43
Павлодар облысы - 18
Түркістан облысы – 5.

Қазақстан бойынша қауіпті инфекциядан жазылғандар саны – 105 001 адам.

«Жалпы, еліміздегі коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайына келсек, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 613 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 125 жеткіншек бала бар. Стационарларда 2 012 науқас жатыр. 601 адам амбулаториялық жағдайда емделуде», - деп атап өтті ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Науқастар арасында 81 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 13 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 13 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Серіктес жаңалықтары