$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.10.2020, 23:27
Жаңалықтар

Астанада террористік тұрғыдан осал ғимараттар анықталды

Жыл басынан бері 130-ға жуық нысан тексерілді

Астанада террористік тұрғыдан осал ғимараттар анықталды
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері 130-ға жуық нысан тексеріліп, кемшіліктерді жою үшін 40-тан астам ұйғарым енгізілген. Терроризмге қарсы қорғау талаптарын орындамайтын әртүрлі санаттағы 7 нысанның иелері ҚР ӘҚБтК 149-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Мұндай талаптарға заманауи күзет жабдықтарымен жабдықтау, өткізу режимін қамтамасыз ету, күзет фирмаларының қызметкерлерімен профилактикалық және оқу іс-шараларын жүргізу жатады.

Сондай-ақ, қызметкерлер бұрын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілген нысандарды қайта тексеріп жүр. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Нұр-Сұлтан полицейлері тұрақты негізде ТТО нысан басшыларымен оқу-дәріс іс-шараларын өткізеді, сондай-ақ террористік қауіп туындаған жағдайда олардың іс-әрекеті бойынша жадынамалар табыс етілді.

Серіктес жаңалықтары