$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.10.2020, 04:50
Жаңалықтар

18 қазан күнгі ауа райы болжамы

Жексенбі күні кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады

18 қазан күнгі ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

18 қазанда Қазақстанның солтүстік бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады, жел күшейеді. Еліміздің қалған өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшеюі мүмкін.

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күшейіп, жылдамдығы 15-23 м/с жетеді.

Ақмола, Павлодар облыстарында, түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерінде тұман түсуі ықтимал.

Атырау облысында кей жерлерде тұман түседі.

Алматы облысында түнде кей жерлерде 1 градус үсік жүреді.

Серіктес жаңалықтары