$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.11.2019, 09:31
Жаңалықтар

Оралда 16 мектеп директорына 580 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін

Мұндай шара қабылдауға мектептегі оқушы санының тым көптігі себеп 

Оралда 16 мектеп директорына 580 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін
Фото: sputniknews.kz

Орал қаласындағы 16 мектепке жарты миллион теңгеден аса айыппұл салынуы мүмкін. Бұған мектептегі әр сынып оқушысының саны 25-тен аспауы керек деген талаптың сақталмауы себеп, деп хабарлайды Орал апталығы.  

Орал қаласының 16 мектебінде 25 оқушының орнына 30 және одан да көп оқушы білім алуда. Бұл денсаулық объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар ережелерін өрескел бұзу. Барлық осы мектептердің директорлары оқушыларға білім алудың тиісті шарттары мен олардың құқығын қамтамасыз етуді талап ететін нұсқама алды.

№ 10, 12, 9, 7, 30, 6, 1, 28, 14, 4 , 8, 17, 18, 46 және 47 мектеп директорларына ұйғарым берілді. 

«Егер сыныптардың толымдылығы оқушылардың нормативтік санына келтірілмесе, біз сотқа талап — арыз жібереміз. Біз мектеп директорларын жинадық және осы жылдан бастап білім беру нысандары арнайы тәртіп бойынша тексерілетін нысандар мәртебесіне ауыстырылғанын ескерттік. Сыныптардың толықтығы үшін директорларға сот қандай жаза қарастырғанын деп айта алмаймын, бірақ, биылғы жылы лауазымды тұлғалар үшін айыппұл мөлшері 580 мың теңгеге дейін өскенін атап өткім келеді», – деп хабарлады қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бастығы Мәдениет Таңауов.

Сынып толы болған жағдайда бала толық оқу материалын меңгере алмайды. Оның психикалық денсаулығына да кері әсері болады, - деп атап өтті Таңауов.

Мектеп оқушыларының нормативтік санын сақтау бойынша тексеру жыл басынан басталды. Мұндай тексеру көптеген жылдар ішінде алғаш рет жүзеге асырылды, дейді қалалық СЭБ бастығы.

Серіктес жаңалықтары