Нұр-Сұлтан емханаларына COVID-19 анықтайтын зертхана кешендері орнатылады

Бұл зерттеу көлемін ұлғайтуға және уақытылы көмек көрсетуге мүмкіндік береді

Нұр-Сұлтан емханаларына COVID-19 анықтайтын зертхана кешендері орнатылады
Фото: 24.kz

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қалалық Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, ПТР анализдерін өткізу үшін қалалық емханаларда 9 изотермиялық зертхана кешенін орнату жобасын жүзеге асыруда. Бұл зерттеу көлемін ұлғайтуға және уақытылы көмек көрсетуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

«Кешендердің жалпы қуаттылығы тәулігіне 1,5 мың зерттеуді құрайды. Тест нәтижелері бірнеше сағат ішінде дайын болады. Жұқпалы аурулар ауруханасында COVID-19-дан емделушілерге, өткір респираторлық вирустық инфекциялармен және пневмониямен ауыратын науқастарға, COVID-19 пациентімен тығыз байланыста болған адамдарға, амбулаториялық емде жатқан және клиникалық хаттамаға сәйкес алғашқы медициналық-санитарлық көмек дәрігерлерінің бақылауында болатын COVID-19 пациенттеріне ақысыз ПТР әдісімен тестілеу қарастырылған», - деп жазылған сайттағы ақпаратта.

Сондай-ақ жоспарлы және шұғыл стационарға жатқызылған науқастар, тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша клиникалық хаттамаға сәйкес жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелер үшін ПТР тесті ақысыз жүргізіледі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.