$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.10.2020, 02:56
Жаңалықтар

Ордабасы ауданында 3 жыл бұрын газ құбыры тартылған, бірақ газ әлі жоқ

Жергілікті телеарнада бұл елдімекенге газ тартылған деп көрсетіп жатыр

Ордабасы ауданында 3 жыл бұрын газ құбыры тартылған, бірақ газ әлі жоқ
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы Ықылас темір елдімекенінің тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізе алмай келеді. Олардың айтуынша, газ құбыры 3 жыл бұрын тартылған, бірақ көгілдір отын әлі берілмеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

«Бәрімізге құрып берген, ақшасын төлегенбіз.«Ықылас темірде, Теспеде газ жүріп жатыр» дегенді Ордабасы ауданы «Айғақ» арнасынан көрсетіп жатыр. Ал бізде газ жоқ», - дейді ауыл тұрғындары.

Ал Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкімдігіне хабарласайық. Қазір бізбен байланыста тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Арман Ысқақов қазіргі таңда сметалық құжат әзірленіп жатқанын, газ 2021 жылы қосылатынын айтты.

Серіктес жаңалықтары