15.10.2020, 01:55
Жаңалықтар
Зеленский жемқорларды өмір бойы бас бостандығынан айыруды ұсынды
Ол украиндықтарды жазаны қатаңдатуды қолдап дауыс беруге шақырды
Фото: ашық дереккөзден
Украина президенті Владимир Зеленский жемқорларды өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын енгізуді ұсынды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жарияланған видеода айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Зеленский халықты 25 қазанда өтетін жалпыұлттық сауалнамаға қатысуға шақырды.
«Ірі жемқорларды өмір бойы бас бостандығынан айыру керек пе? 25 қазанда сайлау учаскесіне келіп, дауыс бер», - деп жазды Зеленский.
Оның айтуынша, сауалнамада бес сұрақ болады және сауалнама волонтерлердің қатысуымен экзитпол форматында сайлау учасклерінде өтеді. Оған 5 млн бюллетень шығарылады деп жоспарланып отыр.
Көп оқылған
15.08.2026, 13:50
Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласының әрекеті мен 20 млн теңгеге қатысты дау туралы айтты
15.08.2026, 07:22
15 тамызда ауа райы қандай болады
15.08.2026, 06:17
Атырауда 8 магнит жұтып қойған тоғыз жасар қызға шұғыл ота жасалды
15.08.2026, 10:13
Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды