11 қазан күнгі ауа райы болжамы
Жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады
11 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығысында жаңбыр және қар жаууы ықтимал. Республиканың кей жерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Елдің шығысында көктайғақ болып, оңтүстік-батысында шаңды дауыл көтеріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде көктайғақ болып, тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.
Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрып, Жамбыл облысында тұман түседі.
Павлодар облысында, түнде және таңертең Алматы, Солтүстік-Казақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түседі. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде түнде 1-3 градус үсік жүреді.