Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 37 миллионнан асты

Екі күнде әлем бойынша 1 млн адамнан COVID-19 анықталды

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 37 миллионнан асты
Фото: ашық дереккөзден

Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 37 миллионнан асты. Екі күннің ішінде әлем бойынша COVID-19 жұқтырған 1 млн адам тіркелді: 8 қазан күні коронавирус жұқтырғандар саны 36 миллионнан асқан еді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Джонс Хопкинс университетіне сілтеме жасап.

Коронавирус жұқтырғандардың жартысынан көбі үш мемлекетке - АҚШ, Үндістан мен Бразилияға тиесілі. Бұл елдерде коронавирус жұқтырғандар саны 7,68 млн, 6,9 млн және 5 млн-нан асқан. Төртінші орында тұрған Ресейде (1,28 млн) соңғы тәулікте 12,8 мың адамнан COVID-19 анықталды. Бұл соңғы екі күнде тіркелген екінші рекорд.

Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша алғашқы ондыққа Колумбия (894 мың); Аргентина (871 мың); Испания (861 мың); Перу (843 тыс); Мексика (810 мың); Франция (732 мың) кіреді.

Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны 1,069 млн-ға жетті. Көз жұмғандар саны бойынша алғашқы үштікте АҚШ (214 мың), Бразилия (149,6 мың) және Үндістан (107,4 мың) тұр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.