10.10.2020, 17:24
Жаңалықтар
Таулы Қарабақтағы қақтығысты тоқтату туралы келісім бұзылды
Тараптар келісімді бұзды деп бір-бірін айыптап жатыр
Фото: ашық дереккөзден
Әзербайжанның Қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақта Арменияның қарулы күштері оқ атып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.
«Тертер мен Агдамға қарсы тарап оқ атып жатыр», - деп мәлімдеді қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Ал Арменияның Қорғаныс министрлігі Әзербайжан қарулы күштерінің пилотсыз ұшу зымыраны Капанға жақын Артсваник ауылына құлағанын айтты. Бір адам қаза тапты.
Естеріңізге сала кетсек, Әзербайжан мен Армения Мәскеуде өткен консультациялардың қорытындысы бойынша тұтқындар мен қаза тапқандардың мәйітін алмасу үшін гуманитарлық мақсатта 10 қазанда сағат 12:00-ден бастап атысты тоқтату туралы уағдаласқан еді.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды