Әзербайжан мен Армения Таулы Қарабақтағы атысты тоқтату туралы келісімге келді
Тараптар атысты тұтқындарды, сондай-ақ қаза тапқандардың мәйіттерін алмасу үшін тоқтатады

Әзербайжан мен Армения Мәскеуде өткен консультациялардың қорытындысы бойынша тұтқындар мен қаза тапқандардың мәйітін алмасу үшін гуманитарлық мақсатта 10 қазанда сағат 12:00-ден бастап атысты тоқтату туралы уағдаласты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
«Тараптар мынадай қадамдар туралы келісті: 2020 жылғы 10 қазанда сағат 12:00-ден бастап әскери тұтқындарды және басқа да ұсталған адамдар мен делдалдық кезінде қаза тапқан адамдардың мәйіттерін алмасу үшін және Халықаралық Қызыл Крест комитетінің критерийлеріне сәйкес гуманитарлық мақсатта атысты тоқтату туралы шешім жарияланады; Атысты тоқтату режимінің нақты параметрлері қосымша келісіледі», - деп жазылған ақпаратта.
Сондай-ақ Әзербайжан мен Армения ЕҚЫҰ-ның Минск тобының тең төрағаларының делдалдығы арқылы бітімгершіліктің базалық қағидаттары негізінде бейбіт келісімге жедел қол жеткізу мақсатында субстантивтік келіссөздерге кіріседі. Тараптар келіссөздер процесі форматының өзгермейтінін растайды.