13.11.2019, 09:35
Жаңалықтар
1 ай бұрын жоғалып кеткен оқушы Шымкенттегі көшелердің бірінен табылды
Қыздың үйінен неліктен кетіп қалғанын полицейлер анықтап жатыр
Полицейлер осыдан 1 ай бұрын Мақтарал ауданында (Түркістан облысы) жоғалып кеткен 16 жастағы оқушы қызды тапты деп жазады Otyrar.kz.
Полицияға арыз жазған қыздың анасы оның 11 қазан күні таңертең Шымкентке қарай кеткенін айтқан. Мұнан кейін бойжеткен із-түссіз жоғалып кетіпті.
Оқушыны іздеуге полиция жеке құрамы түгел жұмылдырылған. Тәртіп сақшылары оның баруы мүмкін мекен-жайдың бәрін түгел аралап, таныстарымен, кездейсоқ куәгерлермен сөйлескен. Іздеу жұмыстары барысында Мақтарал аудандық полиция бөлімінің лейтенанты Сансызбай Демеу бойжеткенді Шымкент көшелерінің бірінен тауып алды.
Қазір полицейлер болған жайттың себеп-салдарын анықтап жатыр.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр