13.11.2019, 05:26
Жаңалықтар
Оралда жол апатынан 4 адам зардап шекті
Оқиға кезінде санитарлық көлік «Опель» көлігіне соғылған
Фото: mgorod.kz
Оралда санитарлық көлік пен «Опель» соқтығысып, төрт адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Куәгерлердің сөзіне қарағанда, оқиға 12 қараша күні кешкісін Құрманғазы мен А.Карев көшелерінің қиылысында болған. Санитарлық «УАЗ» минивэн мен «Опель» автокөліктері бір-біріне соғылып, «УАЗ» екпінімен тоқтамастан сол жердегі үйге барып тірелген.
БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, «УАЗ» қалаға келген Қазталов ауданы Жалпақтал ауылының санитарлық көлігі екен. Қазіргі мәлімет бойынша жол апаты салдарынан төрт адам облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр