$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.10.2020, 00:39
Жаңалықтар

Кеше түнде қамаудан босатылған Жапаров Қырғызстанның премьер-министрі болды

Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты  Садыр Жапаров 2017 жылы 11 жыл 6 айға сотталған болатын

Кеше түнде қамаудан босатылған Жапаров Қырғызстанның премьер-министрі болды
Фото: ашық дереккөзден

Кеше, яғни 6 қазан күні түнде қамаудан босатылған саясаткер Садыр Жапаров Жогорку Кенештің кезектен тыс отырысында премьер-министр болып сайланды. Бұл туралы 24.kg хабарлады.

Ал осыған дейін елдің премьер-министрі болып келген Кубатбек Боронов отставкаға кетті. Оның президенттің атына отставкаға кету туралы өтініш жазғаны белгілі болды.    

Айта кетсек, 2017 жылы Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты  Садыр Жапаров адамдарды тұтқынға алды деген айыппен 11 жыл 6 айға сотталып, сот оған жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу туралы үкім шығарған болатын.

Жапаровқа «адамды кепілге алды», «бұзақылық жасады», «өкілетін асыра пайдаланды» деген айыптар тағылған еді. 2013 жылы қазанда Қарақолда Садыр Жапаров ұйымдастырған митинг қатысушылары Ыстықкөл облысының өкілі Эмильбек Қаптагаевты жібермей, көлікте күшпен ұстаған.

Еске сала кетейік, Қырғызстанда парламент сайлауының нәтижесімен келіспегендер 5 қазанда Бішкек орталығында митинг өткізіп, кейінірек наразы топ Ақ үй ғимаратына және Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратына басып кірді. Сондай-ақ бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты абақтыдан босатып алған. Көтеріліске қатысушылар астаналық әкімдік ғимаратын да басып алған.

Бішкектегі Ала-Тоо алаңында болған көтерілісте бір адам қаза тапты. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли көршілес Қырғызстанда болып жатқан жағдайға пікір білдірді

Серіктес жаңалықтары