$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.09.2019, 12:14
Жаңалықтар

Арыс қаласындағы жөндеу жұмыстарының 99%-ы аяқталды

Нысандарда 134 құрылыс компаниясы мен 211 арнайы техника тартылған

Арыс қаласындағы жөндеу жұмыстарының 99%-ы аяқталды
Фото: miid.gov.kz

Әскери полигондағы жарылыстардан барлығы 7633 тұрғын үй қоры зардап шеккен, бүгінде сондағы 7426 үйдің негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Қаланың тұрғын үй қорын қалпына келтіруді 3,8 мың жұмысшы жалғастыруда. Олардың міндеті тұрғын үй қорының 193 объектісінде әрлеу жұмыстары жүргізу және 200 үйді нөлден салу.

Бүгінгі таңда тұрғын үйді жөндеу жұмыстары Арыстың 13 секторында толық аяқталды. 272 отбасына жаңа, кірпіш үйлер салынды. Оның 125-де әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, қалада 62 әлеуметтік және 322 бизнес-нысан пайдалануға тапсырылды.

Кеше Үкімет басшысы Асқар Мамин Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарының барысын тағы да тексерді.

Үкімет басшысы «Арыс-1» теміржол вокзалының жөндеуден өткен ғимаратын және жаңа скверді аралап көрді. Сондай-ақ, Асқар Мамин қалпына келтірілген «Арыс минералды су» кәсіпорнына барып, тұрғын үйі толығымен бұзылған 100 отбасына арналған 50 екі пәтерлі коттеджден тұратын жаңа шағын ауданның құрылыс барысымен танысты. Одан кейін Премьер-министр Арыс қаласындағы жаңа жеке үйлерді аралап, жергілікті тұрғындармен әңгімелесті.

Ведомтво берген мәлімет бойынша, Арыс қаласында жөндеу жұмыстарының 99,3%-ы аяқталды. Нысандарда 134 құрылыс компаниясы мен 211 арнайы техника тартылған.

Арыста 68 әлеуметтік нысан орналасқан (білім беру, денсаулық сақтау және спорт мекемелері), олардың 64-і – күрделі жөндеуді және 4-еуі – толықтай қалпына келтіруді талап етті. Бүгінде 62 нысанда жұмыстар аяқталды.

Серіктес жаңалықтары