$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.10.2020, 05:39
Жаңалықтар

5 қазан күнгі ауа райы болжамы

Дүйсенбі күні Қазақстанда жаңбыр мен қар жауады

5 қазан күнгі ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

5 қазан күні еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Қалған аумақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел болжанады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертен тұман күтіледі.

Ақмола облысында көктайғақ болады. Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні 23-28 м/с жетеді. Жамбыл облысында тұман болады. Күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады.

Күндіз Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болжанады. Сондай-ақ Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл облысының кей жерлерінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары