05.10.2020, 04:32
Жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда екі адам ерекше суретке түсу үшін көпір үстіне шығып кетті
Олар 14 мың теңгеге жуық айыппұл төлеуге міндеттелді
Фото: ашық дереккөзден
Елордада ішімдік ішкен екі ер адам суретке түсу үшін көпірге шығып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі астаналық полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Түнде сағат 00:28-де «102» пультіне хабар түсті. «Рамстор» жақта мас екі ер адам Қабанбай батыр даңғылындағы көпірдің аркасына шыққан. Астаналық патрульдік полиция жасағының қызметкерлері оқиға орнына барды. Хабар расталды», - делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары 33 және 34 жастағы ер адамдарды ұстады. Олар түнгі қала көрінісін суретке түсіру үшін көпірге шыққанын жеткізді. Олар 5 АЕК (13 890 теңге) айыппұл төлеуге міндеттелді.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды