Астана карантинге жабыла ма? - Ведомствоаралық комиссия жауап берді
Whatsapp мессенджерінде 15 қазаннан бастап Нұр-Сұлтан қаласы аумағында блокбекеттер қойылатыны туралы ақпарат тарап жатыр
ҚР Үкіметі жанындағы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 15 қазаннан бастап Нұр-Сұлтан қаласы карантинге жабылатыны туралы ақпаратқа қатысты жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі комиссияның Telegram-каналына сілтеме жасап.
«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және Нұр-Сұлтан қаласын 15 қазаннан бастап жабуға және оның айналасында блокпостар қою туралы мәселе бүгінгі уақытта қарастырылып жатқан жоқ. Құрметті азаматтар! Әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратқа сенбеуді және ақпараттың ресми дереккөздеріне сүйенуді сұраймыз», - делінген хабарламада.
Ресми ақпаратты ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіні бақылау комитетінің ресми сайты және Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунтына, сондай-ақ Коронавирустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналынан алуға болады.