04.10.2020, 11:12
Жаңалықтар
Елімізде коронавирус жұқтырған 85 науқас ауыр жағдайда жатыр
Ал 13 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланды
Фото: ашық дереккөзден
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 4 қазанға арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпаратты жария етті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 229 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 74 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 774 науқас жатыр. 1 455 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
«Жалпы, науқастардың арасында 85 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген министрлік ақпаратында.

Көп оқылған
14.09.2026, 11:08
«Шайырдың шалдары, қайдасыңдар?»: Маңғыстаудағы айтысқа мас шыққан «Алтын домбыра» иегері Мақсат Ақанов жазаланды
14.09.2026, 11:48
Жамбыл облысында дронның көмегімен ер адамның бүтін бір есірткі алқабын өсіргені анықталды (ВИДЕО)