4 қазан күнгі ауа райы болжамы
Сенбі күні кей өңірлерде жаңбыр жауады

4 қазан күні Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаңбыр жауады. Қалған аумақтарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман күтіледі, солтүстігінде және шығысында жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ақмола, түнде Ақтобе, түнде және таңертең Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болжанады. Күндіз кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с артады.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде түнде 1 градус үсік күтіледі.
Түркістан, Қызылорда, облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл кей жерлерінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.