6 қазаннан бастап жолаушылар тасымалындағы карантин талаптары күшейтіледі
Мемлекет шекарасын кесіп өткен адам кем дегенде 72 сағат бұрын алынған ПТР-тест анықтамасын ұсынады

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің ҚР мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы қаулысы шықты. деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Қаулыға сәйкес, 6 қазаннан бастап жолаушылар тасымалындағы тәртіптер өзгеріп, карантиндік талаптар күшейтіледі. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде кем дегенде 72 сағат бұрын алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тестіден өткені туралы анықтама болмаған жағдайда кіруге жіберілмейді.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасына шетелден әуе рейстерімен келетін барлық адамдар термометриядан, сауалнамадан өтеді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде кем дегенде 72 сағат бұрын алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тестіден өткені туралы анықтаманы ұсынады.