$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.10.2020, 22:21
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан әкімі праймеризде дауыс берді

Ол үгіт-насихат кездесуі барысында бірқатар бағдарламамен танысқанын айтты

Нұр-Сұлтан әкімі праймеризде дауыс берді
Фото: astana.gov.kz

Елорда әкімі Алтай Көлгінов сайлау учаскесіне барып, өз дауысын берді. Бұл туралы ол өз Инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Бүгін сайлау учаскесіне барып, дауыс бердім. Үгіт-насихат жұмыстары кезінде кандидаттар бағдарламаларын толық көлемде таныстырды. Қатысушылар арасында әйелдер, шағын және орта бизнес, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің бары қуантады. Ұсынылған бағыттардың басым бөлігі әлеуметтік мәселелерді шешуге, қаланы дамытуға және инновациялық IT-технологияларды енгізуге бағытталғаны қуантады», - деп жазды қала әкімі. 

Алтай Көлгінов «Праймериз» ақпараттық жүйесі мен үгіт-насихат кездесуі барысында бірқатар бағдарламамен танысқанын айтты. Сондай-ақ ол ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін кедергісіз орта құру бағдарламасы туралы айтты.

Серіктес жаңалықтары