$ 503.61  524.96  5.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.10.2020, 05:58
Жаңалықтар

Жамбыл облысында браконьерлер 10 млн теңгеден астам шығын келтірді

Облыс бойынша аңшылық ережесін бұзғандарға 179 миллион теңгеден астам айыппұл салынды

Жамбыл облысында браконьерлер 10 млн теңгеден астам шығын келтірді
Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысында жыл басталғалы браконьерлер мемлекетке 10 миллион теңгеден астам шығын әкелген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Мамандандырылған жасақ жыл басынан бері 50-ге тарта рейд өткізіпті. «Қызыл кітапқа» тіркелген аңдарды атқандарға қатысты 3 қылмыстық іс қозғалған. 

«Қарақұйрық пен Арқармен ұсталса ол өзінің пәленбай млн айыппұл төйлейтінін және сотталатынын жақсы біледі. Ұрып қолымызды сындырып, құмға көміп, өлтіріп кетеміз деп күш көрсеткендер болды», - деді мамандандырылған «Сапсан» жедел қызметінің бөлім басшысы Ерназарбек Жантаев.

Айта кету керек, облыс бойынша аңшылық ережесін бұзудың 40 дерегі тіркеліп, 179 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Браконьерлер мемлекетке 10 миллион теңгеден асатын шығын әкелген.

Серіктес жаңалықтары