Солтүстік Қазақстан облысында қырылып қалған құстың 256 мыңы тұншығып өлген - ҚР АШМ

Арнайы тексеріс кезінде шаруалардың басқа да талаптарды тиісті деңгейде орындамағаны анықталыпты

Солтүстік Қазақстан облысында қырылып қалған құстың 256 мыңы тұншығып өлген - ҚР АШМ
Фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында 256 мың құс құс тұмауынан емес, ауа жетпей өліпті. Бұл туралы ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Бас ветеринардың сөзіне қарағанда, құс фермаларында вентиляциялық жүйе істен шығып, осының салдарынан тауықтар тұншығып қырылыпты. Зертханалық сараптама нәтижесі осыны көрсеткен. Ведомства жүргізген арнайы тексеріс кезінде шаруалардың басқа да талаптарды тиісті деңгейде орындамағаны анықталыпты. 

«Азық-түлік дайындайтын жердің төбесі ашық тұр. Ал оның ішінде жабайы құстар жүр. Оның бергі жағында осы мекемелердегі ветеринарлық маманның қолында диплом жоқ», - деді Комитет төрағасы.

Министрлік өкілі өтемақы құс тұмауынан өлген құстар үшін ғана өтелетінін жеткізді. Ал еліміз бойынша бұл індеттен 329 мың құс қырылған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.